
2025 жылдың 23 қазан күні «Жыл мұғалімі» байқауы өз мәресіне жетті.
Байқаудың үшінші қорытынды кезеңінде қатысушылар «Педагогтің визиттік карточкасы» шығармашылық байқау, «Ашық микрофон», «Мұғалімнің демалыс күні» үй тапсырмасынан тұратын үш кезең бойынша өнерлерін көрсетті.
Үш кезең бойынша қорытынды
1 орын-Шаймерденова Серикгул Айбековна, бастауыш сынып мұғалімі «С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ
2 орын-Казенова Асем Нуриденовна, география, тарих пәндерінің мұғалімі «Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ
3 орын-Абдрахманова Гулзира Кабдуллақызы, бастауыш сынып мұғалімі «С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
«Үздік үй тапсырмасы» номинациясы-Петерс Анна Валерьевна, бастауыш сынып мұғалімі «Е.Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, Лапченко Виктория Витаутасовна, дене шынықтыру және спорт мұғалімі «№8 негізгі орта мектебі» КММ
«Көрермендер көзайымы» номинациясы-Тихонова Наталья Александровна, бастауыш сынып мұғалімі «№6 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Какенбаева Меруерт Кайратовна, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі «№11 жалпы білім беретін мектебі» КММ.