
2025 жылдың 21 қазан күні байқауға қатысушылардың сабақтары мен іс-шаралары қаралды.
№8 негізгі орта мектебінің дене шынықтыру және спорт мұғалімі Лапченко Виктория Витаутасовна «Топтық жұмыста көшбасшылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында сабағын, «Қазақстан Республикасы күніне арналған «Көңілді жарыс» сыныптан тыс іс-шарасын, Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі «М.Мақатаев «Мен таулықпын» тақырыбында сабағын, «Салауатты өмір салты» іс-шарасын өткізді.