
Жаңа оқу жылынан бастап Шахтинск қаласының барлық жалпы білім беретін ұйымдарында (12 мектеп) HR Enbek ақпараттық платформасында мектептердің штаттық кестесі мен білім беру ұйымдарындағы барлық қызметкерлердің еңбек шарттарының онлайн базасын толтыру бойынша жоба пилоттық режимде іске қосылады. Бұл жобаны жүзеге асыру еңбек қатынастарын автоматтандыру және айқындыққа бағытталған.
Осыған орай, 2025 жылғы 17-18 қыркүйекте № 7 жалпы білім беретін мектебі базасында білім бөлімі оқыту семинарын өткізіп, оған еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕАБЖ) қызметкерлердің мәліметтерін енгізу бойынша мектептердің жауапты жауапты тұлғалары қатысты.
Семинарды өткізу барысында мектептердің іс жүргізушілері мен есепшілері
ЕШЕАБЖ платформасында штаттық кестені толтыру алгоритмімен танысып,оқыды:
-штаттық кестені тіркеу;
-штаттық кестедегі лауазымдарды тіркеу;
-қызметкерлерді штаттық кестедегі лауазымға тағайындау;
- өзекті штат кестесін редакциялау;
- қызметкерлерді штаттық кестедегі лауазымға тағайындауды редакциялау;
ЕШЕАБЖ енгізу және жүзеге асыру келесі мүмкіндіктерді береді:
-еңбек қатынастарын жария ету ашық қадағаланады;
-жүйедегі штаттық кесте мен жалақы есебі жүргізіледі;
- білім беру ұйымдары жұмыс берушілерінің еңбек шарттары бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
- автоматты түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдап және анықтайды;
- платформада деректердің енгізілу құпиялығын сақталады.