Жаңа 2025-2026 оқу жылына – жаңа оқулықтар!

Жаңа 2025-2026 оқу жылына – жаңа оқулықтар!

Жаңа 2025-2026 оқу жылына – жаңа оқулықтар!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 «Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 3 маусымдағы № 132 бұйрықпен енгізілген өзгерістермен, 2025-2026 оқу жылына мектеп оқушыларына арналған жаңа оқулықтар кейбір сыныптарда ауыстыру қажеттілігі бойынша ішінара сатып алынды, атап айтқанда 4, 8, 10, 11 сыныптар, 7 сыныптарда ауыстыру толығымен жүргізілді.
Сондай-ақ, кейбір сыныптарда жаңа оқулықтарға оқушылар санының өсуіне байланысты қосымша тапсырыс берілді, атап айтқанда 3, 6, 8, 10, 11 сыныптар.
2025 жылғы 25 тамызда Шахтинск қаласының барлық 12 мектебіне оқулықтар жеткізу аяқталды.
Барлық оқушылар Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес оқулықтармен қамтамасыз етілген.