Білім беру ұйымдарының директорларымен кезекті құқықтық жалпыға бірдей оқытуды

Білім беру ұйымдарының директорларымен кезекті құқықтық жалпыға бірдей оқытуды

2025 жылғы 29 шілдеде білім бөлімінің басшысы білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша білім беру ұйымдарының директорларымен кезекті құқықтық жалпыға бірдей оқытуды өткізді.

Қазақстан Республикасында педагогтерді қабылдау «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің жаңа редакциядағы 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығымен және өзге де нормативтік актілермен реттеледі.

Семинар аясында білім бөлімінің басшысы жұмысқа қабылдау бойынша білім беру ұйымдарында нормативтік құқықтық актілердің қолданылуы туралы толық ақпарат берді:

- үміткерлердің нақты лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына, оның ішінде білімі мен кәсіби дағдыларына сәйкестігі;

- конкурстық негізде педагог лауазымына тағайындау немесе конкурстық рәсімдерден өтпей педагогтерді қабылдау тәртібін түсіндіру;

- педагогтердің кәсіби деңгейін растайтын білімдерін бағалаудан (ПББ) өту  қажеттілігі;

- білім беру ұйымының конкурстық комиссиясына педагогтерді қабылдау қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде анықталған құжаттар тізімін ұсыну;

- негізгі жұмыс орны бойынша, сондай-ақ толық емес жұмыс күні бойынша педагогтерді қабылдау ерекшеліктері.

Оқыту семинарының соңында өзекті сұрақтарға жауаптар берілді және білім беру ұйымдарының директорлары мен жауапты тұлғаларының мемлекеттік білім беру мекемелеріне педагогтерді жұмысқа орналастыру бойынша қызметті орындауы туралы нақты тапсырмалар берілді.