2025 жылдың 14–16 шілде аралығында Шахтинск қаласының білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізілді. Биылғы жылы барлық 23 білім беру мекемесінде жөндеу жоспарланған, оның ішінде бір нысанда күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған (Шахтинск қаласындағы №7 жалпы білім беретін мектептің шатырын жаңарту). Ерекше назарда бұрынғы ОӨК базасындағы мектеп картоавтодромын қалпына келтіру жұмыстарына аударылып отыр. Барлық мекеме басшылары мен мердігер ұйымдарға құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес сапалы жөндеу жүргізу жөнінде нақты ұсыныстар берілді. 1 тамыздан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының жұмысы жанданып, ал орта және қосымша білім беру мекемелері 1 қыркүйектен бастап өз қызметін бастайды деп күтілуде. Аталған мәселе Шахтинск қаласы білім бөлімінің тұрақты бақылауында.