5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өткізілді.

5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өткізілді.

5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні атап өткізілді. Білім беру ұйымдары бұл мерекені әртүрлі форматта өткізді.
Мектеп жанындағы лагерьлерде мереке табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін үйретуден басталып, кітапханаларда экологиялық кітап көрмелері рәсімделді. Оқушылар суреттер, «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні», «Жер - біздің ортақ үйіміз», «Менің таза планетам», «Экология және біз» қабырға газеттері байқауларына қатысты. Сонымен қатар, «Планетаға қамқорлық жасау неге маңызды?», «Жасыл планета», «Экологиялық ассортимент», «Экологиялық калейдоскоп» атты түрлі экологиялық тақырыптарда экологиялық сағаттар, әңгімелер, викториналар, шеберлік сыныптар, квесттер, іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қосымша білім беру ұйымдарында мереке аясында келесі іс-шаралар өткізілді. Н. Тілендиев атындағы балалар музыкалық мектебінде «Жер - біздің ортақ үйіміз» атты көңілді сабақтар өткізілді. Ә. Ысмайылов атындағы балалар көркемсурет мектебінде мектеп жанында аллеяда, Оқушылар сарайының жанындағы саябақта, орман алқабында экологиялық пленэрлер өткізілді. Оқушылар сарайының жазғы демалыс-шығармашылық орталығының тәрбиеленушілері арасында «Табиғат және мен — мәңгілік доспыз» асфальтта сурет салу байқауы, «Жаңадан бастаушыларға арналған гидропоника» шеберлік сыныбы және ««Эко-след: расскажи всему миру» экологиялық квесті өткізілді. Жалпы қамту: 945 адам
Барлық іс-шаралар балаларды экологиялық тәрбиелеуге бағытталған, көңілді, танымдық және қызықты өтті.