1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында жалпы білім беретін мектептер базасында мектеп жанындағы лагерьлер жұмысын бастады. Балаларды салтанатты түрде лагерь маусымының ашылуымен құттықтады. Балалар түрлі ойындарға, байқаулар мен викториналарға, мастер-класстарға, жарыстарға, спорттық ойындарға белсенді қатысты.
Бірінші маусымда жазғы лагерьлердің жұмысы 10 күнді құрайды және келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: экологиялық, еңбек, отбасылық, өлкетану, адамгершілік-рухани, тарихи-мәдени, спорттық, көркем-эстетикалық, волонтерлік, патриоттық. Олардың барлығы өскелең ұрпақтың шығармашылық, кәсіби және арнайы дағдыларын дамытуға бағытталған.