Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік және медициналық көмекке мұқтаж балалары бар отбасыларды анықтау, оларды тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға бекіту, қолайсыздықтың себептерін жою үшін отбасыларға кешенді қолдау көрсету, әлеуметтік қауіпті жағдайдағы балалары бар отбасылар туралы деректер банкін жүргізу 10-12 маусым аралығында Шахтинск қаласының аумағында "Түнгі қаладағы балалар", "Бақытты қауіпсіз балалық шақ" рейдтік іс-шаралары өткізілді. Шахтинск қаласының полиция, прокуратура, әкімдік, жұмыспен қамту бөлімі және білім бөлімінің қызметкерлері жастар жиналатын орындарды және қала көшелерін тексерді, Шахтинск қаласының полиция бөлімінде есепте тұрған отбасыларды тексерді.
Рейдтік іс-шаралар барысында 17 нысан, 43 отбасы тексерілді. Кәмелетке толмағандармен және отбасылармен түсіндірме әңгіме жүргізілді.
Кәмелетке толмағандар тарапынан қайыр сұрау, балалар еңбегінің ең нашар түрлерімен пайдалану, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды анықтау фактілерін анықтау үшін азаматтардың бос емес жиналатын орындарын (базарлар, сауда объектілері, вокзалдар және т.б.) тексеруге ерекше назар аударылды. Балалар еңбегінің ең нашар түрлерімен балалар еңбегін пайдалану фактілері анықталған жоқ.