2025 жылғы 27 мамыры «Жаз – 2025» жаз мезгілінде балалардың демалысын, сауықтыру және бос уақыттарын қамту» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

2025 жылғы 27 мамыры «Жаз – 2025» жаз мезгілінде балалардың демалысын, сауықтыру және бос уақыттарын қамту» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

2025 жылғы 27 мамыры С.Сейфуллин атындағы мектеп - гимназиясы базасында «Жаз – 2025» жаз мезгілінде балалардың демалысын, сауықтыру және бос уақыттарын қамту» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.

Семинардың басты мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыру және бос уақыттарын, олардың бос уақыттарын ұйымдастыру, сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты, қылмыстылықты алдын алу болып табылады.

Іс-шараға жалпы білім беретін мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп жанындағы лагерлердің бастықтары, медбикелер, Шахтинск қалалық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы, полиция бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі, емхана қатысты.

Семинарда жазғы демалысты ұйымдастыру жұмысындағы басты міндеттер талқыланды, алдағы уақыттағы жұмыстар бойынша шешімдер қабылданды. Іс-шара нәтижелі өтті.

Сондай-ақ, қала әкімі М.Е. Кыдырганбековтың төрағалығымен аппараттық кеңес өткізіліп, онда оқу жылының аяқталуы және Шахтинск қаласында оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды.