
Білім беру ұйымдарында Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған “Қазақстан балалары” жалпыұлттық жобасы аясында ауқымды іс-шараларды іске асыру жалғасуда.
27 мамырда мектеп директорларының оқушылармен кездесулері және түрлі байқаулар мен олимпиадаларға қатысқаны үшін мадақтамалар, сертификаттар тапсырумен салтанатты жиындар өтті. Сондай-ақ, үйде оқитын ДМШ бар балаларға құттықтау және сыйлықтар табыстау ұйымдастырылды.