Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы жыл сайын «Болашаққа жолдама» облыстық форумын өткізеді, оның негізгі мақсаты – облыстың білім беру ұйымдарында оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына көмек көрсетуге бағытталған кәсіптік бағдар берудің тиімділігін арттыру.
Форум аясында үш кезең бойынша 4 бағыт бойынша байқаулар өткізілді: бірінші кезең – қалалық, екінші облыстық іріктеу кезеңі және үшінші қорытынды кезең.
22 және 24 сәуірде «Үздік кәсіби бағдар беруші» және «Оқушылардың бизнес стартап жобаларының көрмесі» байқауларының облыстық кезеңі өтті, оның қорытындысы бойынша № 11 жалпы білім беретін мектептің педагог-кәсіби бағдар беруші Б.М. Жолдасханова 2 дәрежелі дипломмен және «Қаракөл терісің илеп, өндеп сырт киім тігу» жобасымен С. Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Ерешбай Ибрахим 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Б.Қ. Медетбаев
Лайықты марапаттарыңызбен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.