Мамыр ішінде денсаулық сақтау мекемелеріне кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді

Мамыр ішінде денсаулық сақтау мекемелеріне кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді

Шахтинск қаласының білім бөлімі мен Шахтинск қаласының ауруханасы арасында жасалған бірлескен жұмыс жоспарын іске асыру шеңберінде мамыр ішінде келесі кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді: денсаулық сақтау ұйымдары бойынша экскурсиялар, медициналық кабинеттерге кіру, медициналық кабинеттермен танысу, алғашқы медициналық көмек көрсету негіздерін оқыту, диагностикалық, травматологиялық, паллиативтік бөлімшелерде практикалық сабақтар өткізілді. Бұл жұмыс ай сайын жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Шахтинск қаласының білім бөлімі мен Шахтинск қаласының ауруханасы 2024-2025 оқу жылға арналған «Медицинаға қадам» облыстық жобасын іске асыру шеңберінде оқушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарында медициналық сыныпты ашу мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық және әлеуметтік әріптестік туралы меморандум жасасты, оның шеңберінде осы бірлескен жұмыс жоспары жасалды.