Сәтбаев қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралардың өткізілуі

Сәтбаев қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс шаралардың өткізілуі

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті мен борышы деп білеміз.  

Осы бағытта білім бөлімінің веб-сайтына нормативтік-құқықтық актілер орналастырылған және барлық білім мекемелері басшылары құқықтық оқыту барысында өзгерістер мен толықтырылулар бойынша таныстырылған. Білім бөлімінің сайтына жоспар аясында атқарылған жұмыстар есебі мен НҚА орналастырылған және барлық қарасты білім мекемелеріне Веб-сайттарына орналастыру туралы ұсыныстар берілді. 

«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ ҚР Білім және ғылым министрлігі әзірлеген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ережелеріне сәйкес 22 мемлекеттік қызметті жүзеге асырады. Білім бөлімінде және білім мекемелерінде мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары, оның инфографикасы ақпараттық стендтерде орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары қажетті оргтехникалармен қамтамасыз етілген және қызмет алушыларға көмектер беру ұйымдастырылған. 

Сәтбаев қаласының білім беру ұйымдары педагогтар, оқушылар және ата-аналар арасында антикоррупциялық мәдениет қалыптастыру үшін белсенді жұмыс атқаруда. Жүргізіліп жатқан шаралар қоғамда ашықтық пен ақпаратқа қолжетімділікті арттыруға, сенімді атмосфера қалыптастыруға бағытталған. 

Барлық білім беру мекемелерінің 1-ші қабатында оқушылар мен олардың ата – аналары үшін құқық бұзушылықтың алдын алу, білім мекемелерінде заңсыз түрде ақша жинау мен сыйлықтар берудің алдын алу мақсатында сенім телефондары мен «Сенім жәшіктері» орналасқан. Білім бөлімі басшысымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шараларға жауаптылық туралы» 2024 жылы 09 қыркүйекпен №175 бұйрық шығарылып, білім мекемелері басшылары жауапкершілігі туралы таныстырылған.  

Оқу жылы барысында оқушылар мен ата-аналар арасында сыбайлас жемқорлық фактілері орын алуы туралы сауалнамалар жүргізіліп, қорытындыланып отырады. Құқықтық жалпы оқыту бойынша ұйымдастырылған ісшараларда үнемі жауапты тұлғалармен, құқық қорғау органдарының мамандары қатысуымен ата-аналар, оқушылар мен қала педагогтары үшін дәріс, ақпараттық сағаттарда кеңестер беріледі. 

Сонымен қатар, қала педагогтарының басты назарында еліміздің болашағы болып табылатын өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен азаматтық ұстанымды қалыптастыру. Осы мақсатта білім беру ұйымдарында 13 «Адал ұрпақ» клубы ашылып, бекітілген жұмыс жоспарларына сәйкес 260 клуб мүшесімен түрлі іс-шаралар өткізілуде. Ағымдағы жылы «Адал ұрпақ» клубының аясында білім беру мекемелерінің жоғары сынып оқушыларына арналған «Құқықтық білім – сананың жаңаруы» тақырыбында 8-9 сынып оқушылары арасында ашық әңгіме сағаты ұйымдастырылып, оған 957 оқушы қатысты. Сондай-ақ, 10-11 сыныптар арасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» және «Қоғамдағы адалдық және оның өлшемі» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары мен пікірсайыстар өткізілді. 

Жүргізілген іс-шаралар туралы ақпарат білім беру мекемелерінің ресми сайттары мен әлеуметтік желілерінде жарияланып отырады. 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жүйелі шаралар қолға алынған. Осы мақсатта барлық білім беру мекемелерінде 13 «Ашық бюджет» QR код тақтасы орнатылды. Бұл тақталарда әр мекемеге бөлінген қаржы мен оның игерілуі туралы мәліметтер орналастырылып, олардың қолжетімділігі қамтамасыз етіледі. 

Сәтбаев қаласының білім бөлімі және білім беру мекемелері сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын жетілдіру, қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қызметкерлер, оқушылар мен ата-аналар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру бойынша жұмыстарын жоспарға сәйкес жалғастыратын болады.