Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі – басты назарда

Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі – басты назарда

2026 жылғы 2 наурызда «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ мен «Сәтбаев қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында онлайн форматта бірлескен іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында мектептер мен балабақша басшыларына Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А. Битаева түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әсіресе, Наурыз мерекесі қарсаңында қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға ерекше назар аударылды.

Аталған талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына сәйкес түсіндірілді. Бас дәрігер үй жағдайында дайындалған тағамдарды пайдалануға тыйым салынатынын атап өтті.

Сонымен қатар, азық-түлік өнімдерін тек тиісті құжаттары болған жағдайда ғана қолдану қажеттігі айтылды. Яғни, өнімдерде Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестік туралы декларациясы немесе сертификаты болуы міндетті.

Өнімдердің жарамдылық мерзіміне, қаптамасы мен таңбалануына ерекше мән беру қажеттігі ескертілді. Қаптамасы бүлінген, жыртылған немесе ашылған өнімдерді қолдануға болмайтыны түсіндірілді.

Іс-шара қорытындысында білім бөлімінің басшысы Б. Акишбеков барлық білім беру ұйымдары басшыларына санитариялық талаптардың қатаң сақталуын және балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.