«Абайдың рухани мұрасы – заманауи білімнің негізі» облыстық форумы өтті

«Абайдың рухани мұрасы – заманауи білімнің негізі» облыстық форумы өтті

Ұлытау облысының әдістемелік орталығы, Сәтбаев қаласының білім бөлімі және Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен «Абайдың рухани мұрасы – заманауи білімнің негізі» атты облыстық форум өткізілді.

Форумның басты мақсаты – Абай шығармашылығын заманауи білім беру үдерісімен сабақтастыра отырып, жас ұрпақтың ғылыми, рухани және шығармашылық әлеуетін арттыру.

I бағыт – «Абай мұрасы және қазіргі заманғы ғылым»
STEM жобалар арқылы қатысушылар Абайдың ғылым-білім туралы ойларын жаңа технологиялармен ұштастырып, өз зерттеулерін таныстырды.

II бағыт – «Ақын Абай, Хәкім Абай әндері»
Шығармашыл ұстаздар арасында өткен байқауда Абай әндері орындалып, ұлттық өнердің құндылығы насихатталды.

III бағыт – «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы...»
Ақын-ұстаздар арасындағы жыр мүшәйрасында қатысушылар поэзия арқылы рухани құндылықтарды дәріптеді.

IV бағыт – «Абай жолы – білім мен тәрбиенің жолы»
Конференция-байқауда Абай ілімінің тағылымдық мәні мен оның қазіргі білім беру кеңістігіндегі рөлі ғылыми тұрғыда талданды.

V бағыт – «Абай және жас ұрпақ»
Дебат турнирінде жастар Абай көзқарастарының қазіргі қоғам үшін маңызын дәлелдер арқылы қорғап, сыни ойлау қабілеттерін көрсетті.

Форумға Ұлытау облысының әр өңірінен педагогтер қатысып, тәжірибе алмасу алаңында өзара пікір бөлісті.