
Әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен №14 жалпы білім беретін мектебінде «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында Әбіш Кекілбаев шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын, сөз мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, тарихи танымын кеңейту, ізгілікке, демократияға және азаматтық құндылықтарға негізделген дүниетанымы мен сана-сезімін дамыту.
Ә. Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу бағыты бойынша:
I орын – Сүлеймен Назым, С.Сейфуллин атындағы гимназия;
II орын – Үсен Ақмарал, №7 жалпы білім беретін мектебі;
III орын – Шокпутова Асылы, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі;
III орын – Садықова Аделина, №16 жалпы білім беретін мектебі;
Алғыс хат – Петров Игорь, №14 жалпы білім беретін мектебі.
Ә. Кекілбаев шығармаларынан сахналық қойылым бағыты бойынша:
III орын – №27 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушылары.
Ә. Кекілбаев шығармалары бойынша зерттеу жобалары бағыты бойынша:
I орын – Сайден Мұхаммедәлі, Ә.Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектебі;
II орын – Амантай Патшайым, №16 жалпы білім беретін мектебі;
III орын – Әбілқасым Медина, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі;
III орын – Аимбет Фатима, №7 жалпы білім беретін мектебі.
Ә. Кекілбаев шығармаларын (проза, поэзия) мәнерлеп оқу бағыты бойынша:
II орын – Утеубай Іңкәр, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі.
Ә. Кекілбаев шығармалары бойынша ақындар мүшәйрасы бағыты бойынша:
II орын – Бейсенбай Гүлназ, №3 жалпы білім беретін мектебі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз!