«Интерактивті кітапхана: жаңа әдістер мен тәжірибе» тақырыбында білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған тәжірибелік семинар

«Интерактивті кітапхана: жаңа әдістер мен тәжірибе» тақырыбында білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған тәжірибелік семинар

«Интерактивті кітапхана: жаңа әдістер мен тәжірибе» тақырыбында білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған тәжірибелік семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты – кітапханашыларды инновациялық жұмыс түрлерімен таныстыру, заманауи цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану дағдыларын дамыту, оқырман тартудың нәтижелі тәсілдерін көрсету және кітапхана жұмысын жаңғыртуға бағытталған практикалық ұсыныстар ұсыну.

Семинар барысында Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің кітапханашысы Турарова Ұлбала Бекзатовна кітапхана жұмысында қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдерді таныстырып, оларды тиімді енгізу жолдарымен бөлісті.