
«Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу» пилоттық жобасының іс-қимыл жоспарын іске асыру аясында зергерлік шеберхана бағыты бойынша «Зергер әке – еңбекқор бала» республикалық отбасылық шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқауға қатысқан «Ақбота» бөбекжайы КМҚК тәрбиеленушісі Айтмұханбет Заңғар Айдарұлы әкесі Сейкелов Айдармен бірге «Ұйымшыл отбасы» номинациясының иегері атанды.