«Зерде» республикалық 2–7 сынып оқушылар арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық байқауының республикалық кезеңі

«Зерде» республикалық 2–7 сынып оқушылар арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық байқауының республикалық кезеңі

2026 жылдың 20–23 ақпан аралығында Ақмола облысы Щучинск қаласында өткен 2–7 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қорытынды кезеңінде Сәтбаев қаласының білім беру ұйымдарының оқушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Жеңімпаздарымыз:

Этномәдениеттану секциясы бойынша І орынға ие болған — Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы Мадимхан Жасмина. Жетекшісі – Алтишева Гуля Бижановна.

Сонымен қатар, «Зерде» республикалық конкурсында қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша ерекше жетістіктері үшін грамотамен және сертификатпен марапатталғандар:

• Технология және өнер секциясы бойынша — Құрманғали Әсел, С.Сейфуллин атындағы гимназияның 4-сынып оқушысы. Жетекшісі – Алькенова Ақниет Ауданбайқызы;

• Ағылшын тілі секциясы бойынша — Әлмағамбет Медина, Қ.Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 4-сынып оқушысы. Жетекшісі – Агибаева Айнагүл Ұмырзаққызы.

Республикалық кезеңде жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!