«Сольфеджио» пәні бойынша қалалық олимпиада

«Сольфеджио» пәні бойынша қалалық олимпиада

№2 Балалар музыкалық мектебі мен Балалар өнер мектебінің оқушылары арасында «Сольфеджио» пәні бойынша қалалық олимпиада ұйымдастырылды. Интеллектуалдық-шығармашылық байқауға 25 жас музыкант қатысты.

Қатысушылар музыкалық сауаттылық, есту қабілеті және теориялық материалмен жұмыс істеу дағдылары бойынша жоғары деңгейдегі білімдерін көрсетті.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
I орын — Нұртілек Көккөзов, Гүлім Жұматай, Кәусар Ақан
II орын — Ернұру Тұрсын, Анна Гутяр, Юлия Гутяр
III орын — Инесса Астахова, Леонора Астахова, Сабира Әлімжан

Барлық қатысушылар қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды. Қалалық олимпиаданың алғашқы кезеңінің сәтті өтуімен құттықтаймыз! Жас музыканттарға алдағы шығармашылық жолында толағай табыс тілейміз!