Қайырымдылық іс-шараларын өткізу («Мектепке жол», «Қамқор» акциялары және т.б.)
Жыл сайынғы Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының жұмысы ағымдағы жылдың 01 тамызынан басталды.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады. Акция 2024 жылдың 1 тамызынан басталып, 2024 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады. Балаларға материалдық және қаржылай көмек демеушілердің көмегімен көрсетіледі. Қарағанды облысы білім басқармасының «Приозерск қаласының білім бөлімі» ММ жалпы оқумен қамту қорынан жергілікті бюджет есебінен 153 балаға қаржылай көмек берілді. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында мектепке дайындық бойынша әлеуметтік себептер бар 37 оқушыға 1,172680 теңгеге спорттық киім, аяқ киім, мектеп формалары, мектеп сөмкелері, кеңсе тауарларымен көмек берілді. Сонымен қатар акция аясында «Халық банкі» АК Приозерск қаласының филиалы 1 сыныпқа баратын 10 – оқушыларға кеңсе тауарларымен көмек көрсетті.