Обьявление

Обьявление

Қарағанды облысы білім басқармасының «Приозерск қаласының білім бөлімі» ММ (бұдан әрі – білім бөлімі) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін Приозерск қаласында мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімнің өткізілетіні туралы хабарлайды. Конкурстық рәсім Приозерск қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 305 орынға өткізіледі.

 

Құжаттарды қабылдау конкурстық рәсімдерді өткізу туралы хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйымдар басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды мемлекеттік органның электрондық форматтағы электрондық поштасына жібереді.

 

Қажетті құжаттардың тізбесі ҚР білім министрлігінің 2022 жылдың 27 тамыздағы №381 бұйрығымен бекітілген еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға , орта білімге, балаларға қосымша білім беруге, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында айқындалған.

 

Мектепке дейінгі ұйымдар өтініште жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама нөмірін көрсетеді.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар мына мекен-жайға: Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Достық көшесі, 23 ғимаратының 6 кабинетіне 2022 жылғы «14» желтоқсанның сағат «09.00»-ден, 2022 жылдың «19» желтоқсанының сағат «09.00»-ге дейін ұсынылады.

 

Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар: 2022 жылдың «20» желтоқсанда сағат «09.00»-де келесі мекен-жай бойынша Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Достық көшесі, 23 ғимаратында, 6 кабинетінде қаралатын болады. 

 

 

Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірі арқылы алуға болады: 8 (71039) 52962.

 

 

 

Қызмет бағыты.

 

Хабарландыру