Хабарландыру!
Қарағанды облысы білім басқармасының «Приозерск қаласының білім бөлімі» ММ-ң білім беру ұйымдарында ҚР Білім және ғылым министрінің бастамасымен, жыл сайынғы "Мектепке жол" акциясы жалғасын тапты. Акция 2025 жылдың 1 тамызынан басталып, 2025 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады. Акция туралы білім бөлімінің және білім беру ұйымдарының әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды.
Акцияның мақсаты: аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету болып табылады. Көмек ретінде мектепке қажетті мектеп формасы, спорттық киімдер, мектеп сумкалары, аяқ киімдер және құрал-жабдықтар беріледі. Көмек көрсету жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын болады.
Осыған орай 2025-2026 оқу жылында жоғарыда аталған санаттағы оқушыларға көмек көрсетемін дейтін демеушілер болса, білім бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз! Достық көшесі 23 үй. № 7 кабинет. Телефон:52962