2025 жылғы 8 мамырда Осакаров ауданының білім бөлімінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға алғашқы әскери дайындық (АӘД) пәні мұғалімдері, Осакаров ауданының ардагер ұстазы В.Н. Кошевец, «Алау», «Ұлан» байқауларына қатысушылар, сондай-ақ А.Бөкейханов атындағы мектептің «Жас сарбаз» қозғалысының өкілдері қатысты.
Салтанатты жағдайда әдістемелік кабинет меңгерушісі Тұрарбекова М.М. ҚР Білім министрлігінің «Еңбек Ардагері» медалін Абай атындағы тірек мектебі (п. Молодежный) алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Ғайфуллин С.Г.-ге табыстады. Бұл марапат жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі мен адал еңбегі үшін берілді.
Сондай-ақ, білім бөлімінің басшысы атынан алғыс хаттармен келесі алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері марапатталды:
1. Семеничев С.В. (№2 ЖБМ)
2. Матков А.В. (№6 ЖБМ)
3. Веселов А.Р. (№7 ЖБМ)
4. Васкан В.Н. (№13 ЖБМ)
5. Маенков В.В. (№12 ЖБМ)
6. Тұңғашбай Д. (№9 гимназия)
7. Маурер С.Т. (А.Бөкейханов атындағы мектеп)
Іс-шара – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, азаматтық жауапкершілік және туған елге деген сүйіспеншілік рухын дарытатын ұстаздарға көрсетілген зор құрмет пен алғыстың белгісі болды.