2025 жылдың 18 сәуірінде «Bolashaq» академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласының мектеп, лицей, гимназияларының 11-сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Қарағанды облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы» КММ-мен бірлесіп дәстүрлі «Тіл-Қазына» олимпиадасын өткізді.
Байқаудың мақсаты:
Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толу мерейтойына орай мектеп бітіруші түлектердің поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіретін түсіну, тілімізді, ұлттық мүдделерімізді тың идея, жаңаша көзқарастармен негіздеу және дұрыс мамандық таңдауға ықпал ету.
«ТІЛ-ҚАЗЫНА» олимпиадасының жеңімпазы:
І орын. Оқудың 1 жылдық төлем ақысына 100% жеңілдікке 1 оқушы:
1. Даулетханқызы Жансұлу – Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті. «Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ (жетекшісі - Кызыр Жанар).