
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Спорттық бағдарламалау Федерациясымен» бірлесіп «Информатика» пәні педагогтеріне арналған турнир өтті. Турнирдің мақсаты – педагогтердің информатика пәні бойынша олимпиадалық тапсырмаларға деген білімін тереңдету. Турнир облысымызда екінші рет өткізілуде.
Турнирдің негізгі кезеңіне Қарағанды облысынан 28 педагог қатысты.
Осакаров ауданынан біздің облыс республикалық деңгейде ұсынылады:
- 1- орын: Осакаров ауданы, «Қ.Сәтпаев атындағы тірек мектебі (РО)» КММ информатика пәні мұғалімі Байгабулов Мерген.
- 2 - орын: Осакаров ауданы, «№9 гимназия базасындағы тірек мектебі (РО)» КММ информатика пәні мұғалімі Федоров Юрий.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!