Хәкім Абайдың мұрасы – ұрпаққа аманат: Аудандық «Абай оқулары» байқауы мәресіне жетті

Хәкім Абайдың мұрасы – ұрпаққа аманат: Аудандық «Абай оқулары» байқауы мәресіне жетті

2026 жылдың 30 сәуірінде аудандық Жастар балалар-жасөспірімдер орталығының (БЖО) базасында ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Халықаралық шығармашылық Абай оқуларының» аудандық кезеңі жоғары деңгейде өтті.

Бұл рухани доданың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына ақынның мол мұрасын сіңіру, қазақ тілі мен әдебиетіне деген сүйіспеншілігін арттыру және жас таланттардың бағын ашу. Байқау барысында ауданымыздың түкпір-түкпірінен жиналған білімді де өнерлі оқушылар бақ сынап, өздерінің шеберліктерін паш етті.

Байқау 5 негізгі номинация бойынша ұйымдастырылды.

Сөз қадірін түсінген өрендер арасындағы тартысты доданың қорытындысы бойынша ең үздік деп танылған, 1-орын иеленген 4 оқушымыз облыстық кезеңге жолдама алды.

Жас дарындарымызға облыс деңгейінде де ауданымыздың намысын абыроймен қорғап, жеңіс биігінен көрінулеріне тілектеспіз!