
2026 жылғы 3 сәуірде Қарағанды қаласында облыстық үшсайыс жарыстары өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша Осакаров ауданы білім бөлімінің «Тірек мектебі (ресурстық орталық) №12» КММ командасы жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, ІІІ жалпыкомандалық орынды иеленді.
Бұл нәтиже – педагогтердің жүйелі жұмысы мен оқушылардың табанды дайындығының жемісі. Команда жарыс барысында тәртіптілік пен ұйымшылдық танытып, жоғары нәтижеге ұмтылысын көрсетті.
Осакаров ауданының білім бөлімі жүлдегерлерді құттықтап, алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейді!