
2026 жылғы 10 сәуірде Қарағанды қаласында Әлия Молдағұлованың ерлігіне арналған қыздар арасындағы облыстық ату жарысы өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша Осакаров ауданы білім бөлімінің «Тірек мектебі (ресурстық орталық) №12» КММ командасы жоғары дайындық деңгейін, мергендігін және ұйымшылдығын көрсетіп, Қарағанды облысы бойынша І жалпыкомандалық орынды иеленді.
Бұл жетістік – педагогтердің жүйелі жұмысы мен оқушылардың табанды дайындығының нәтижесі. Команданың жеңісі патриоттық тәрбиенің, мақсаткерліктің және жоғары нәтижеге ұмтылыстың айқын көрінісі.
Осакаров ауданының білім бөлімі жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейді!