📚 КІТАП ОҚИТЫН МЕКТЕП — БІЛІМДІ ҰРПАҚ КЕПІЛІ!

📚 КІТАП ОҚИТЫН МЕКТЕП — БІЛІМДІ ҰРПАҚ КЕПІЛІ!

«Кітап оқитын мектеп» аудандық байқауы өз мәресіне жетті 2026 жылдың 13 сәуір күні еліміздегі «Кітап оқитын ұлт» жобасын іске асыру аясында мектеп оқушылары арасында «Кітап оқитын мектеп» байқауы өткізілді.

Байқаудың басты мақсаты — өскелең ұрпақтың оқу сауаттылығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және талантты оқырмандарды анықтау. Додаға ауданымыздың 6, 7, 8, 9 және 10-сынып оқушылары қатысып, бақ сынасты. Қатысушылар тілдік ерекшеліктеріне қарай қазақ және орыс лигаларына бөлінді.

Байқау қорытындысы бойынша әр сынып және әр лига бойынша ерекше білімділігімен көзге түскен оқушылар І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жеңімпаз атанған оқушыларға арнайы ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Бұл марапат оқушылардың кітапқа деген құштарлығын одан ары арттырып, жаңа белестерді бағындыруға серпін берері сөзсіз.

Ендігі кезекте жеңімпаздар алдағы облыстық кезеңде ауданымыздың намысын қорғайтын болады.

Оқушыларымызға облыстық додада сәттілік тілейміз! Білімдеріңіз толысып, биік шыңдардан көріне беріңіздер. Облыстық кезеңде жеңіспен оралуларыңызға тілектеспіз!