Осакаров ауданының мектептеріне 1 сыныпқа қабылдау туралы білуіңіз керек барлық нәрсе

Осакаров ауданының мектептеріне 1 сыныпқа қабылдау туралы білуіңіз керек барлық нәрсе

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің 2023 жылғы 07 тамыздағы №248 бұйрығына сәйкес 2026-2027 оқу жылында 1-сыныпқа түсу үшін құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап, 31 тамызға дейін жалғасады.

1-сыныпқа 6 жастағы балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балалар қабылданады.

Осакаров ауданының мектептерінде 1 сыныпқа қабылдау «egov.kz» «электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады.

Осы жылы баланы бірінші сыныпқа бергісі келетін ата-аналар (заңды өкілдер) 2026 жылғы 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында «egov.kz» порталына кіріп, өтініш беруі керек.

Өтінім кез келген компьютерден, гаджеттен болашақ бірінші сынып оқушысының ата-анасының (заңды өкілінің) электрондық-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып беріледі.

Өтінім үшін қажетті құжаттар:

1.) Баланың 3х4 см сандық фотосуреті.

2.) «Бала денсаулығы паспорты» 052-2/у анықтамасының электрондық көшірмесі;

3.) «Профилактикалық егу картасы» 065/у анықтамасының электрондық көшірмесі.

4) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның (ПМПК) қорытындысы (қажет болған жағдайда).

Егер осы мемлекеттік қызметті алу кезінде сұрақтар туындаса, онда ата-аналар (заңды өкілдер) тұрғылықты жері бойынша білім беру ұйымына жүгіне алады, сондай-ақ «egov.kz» «электрондық үкіметтің» 1414 нөмірі бойынша call-орталығына жүгіне алады.

Ата-аналар (заңды өкілдер) тізбеге және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарға сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайларда мектеп өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Ата-аналарға (заңды өкілдерге) 1-сыныпқа қабылдау туралы ақпарат Facebook, Instagram, Telegram парақшаларында жарияланды.