Робот техникасы бойынша «Robotek Grand Tournamment» жарысының қорытындысы

Робот техникасы бойынша «Robotek Grand Tournamment» жарысының қорытындысы

2026 жылғы 26 наурызда Қарағанды қаласында «Robotek Grand Tournament» робототехника жарысы өтті. Аталған додаға Осакаров ауданынан 7 команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жерлестеріміз келесідей орындарды иеленді:

I орын – «Мерген» санаты: «Ертемір» командасы. Құрамы: Семей Айбота, Делегат Таңжарық («Ә. Бөкейхан атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ, жетекшісі: Б. Болат);

I орын – «Жеткізуші робот» санаты: «BitRobotics» командасы. Құрамы: Виталий Паромов, Владислав Исаков («№9 гимназия базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ, жетекшісі: Ю.В. Федоров);

I орын – «Роботек» санаты: «FALCON» командасы. Құрамы: Жандарбек Жаңабай, Алғыс Қизаев («№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ, жетекшісі: С.Т. Темірбай);

I орын – «РобоБаскетбол» санаты: «DRAGON» командасы. Құрамы: Диас Кенжебаев, Аслан Сансызбаев («№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ, жетекшісі: С.Т. Темірбай).

II орын – «Сұрыптаушы робот» санаты: Мирхат Ибраев («№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқушысы, жетекшісі: С.Т. Темірбай).

Қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды:

«Туды жеткізу» санаты: «FALCON» командасы. Құрамы: Айдын Әбілов, Мирас Кенжебаев («№8 жалпы білім беретін мектеп» КММ, жетекшісі: С.Т. Темірбай);

«Инверстік сызық бойымен жарыс» санаты: «Жебе» командасы. Құрамы: Ақтілек Заханай, Заңғар Сапар («№12 тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ, жетекшісі: А.В. Пак).

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!