
Көктемгі каникул кезеңінде шығармашылық өмірде белсенділік танытып, өз талантымен ерекшеленген 16 жас музыкант оқушы республикалық «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығына жолданды.
Аталған оқушылардың барлығы аудандық және облыстық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып табылады, жоғары нәтижелер көрсетіп, музыкалық өнерге деген тұрақты қызығушылықтарын дәлелдеп келеді. Олардың лагерьге жолдама алуы — жетістіктері, еңбексүйгіштігі және белсенді өмірлік ұстанымы үшін берілген лайықты марапат.
«Балдаурен» орталығында болу балаларға тек демалып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, еліміздің әр өңірінен келген құрдастарымен тәжірибе алмасуға, жаңа білім мен жарқын әсерлер алуға мүмкіндік береді.