
2026 жылдың 3 наурызында Қарағанды облысының оқу-әдістемелік орталығының «Медицинаға қадам» облыстық жобасын іске асыру аясында Осакаров ауданының білім бөлімінің іс-шаралар жоспарына сәйкес Қаныш Сәтбаев атындағы «Тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ-де «Болашақ дәрігерлер» атты аудандық байқау өткізілді.
Байқаудың мақсаты – дәрігерлік мамандықтарға қызығушылықты қалыптастыру және болашақ мамандықты саналы түрде таңдау.
Жобаға қатысушы мектептер өз бейнероликтерін ұсынды
Қазылар алқасының шешімі бойынша I орын – №12 тірек мектебі (ресурстық орталығы) және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі;
II орын – №9 гимназия базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы);
III орын – Абай атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы);
Алғыс хат – Әлихан Бөкейхан атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы) иеленді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!