
4 наурыз 2026 жылы Осакаров ауданының білім беру бөлімі инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата-аналар қоғамдастығымен кезекті онлайн-кездесу өткізді.
Кездесуге 45-тен астам ата-ана қатысты. Кездесу барысында бүгінгі күннің өзекті мәселесі – «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен кәсіптік бағдар беру жұмысы» қарастырылды.
Кездесуде Қарағанды технология және сервис колледжінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Амирханова Маржан Амангелдиевна, №5 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның әдіскері Гавриленко Людмила Константиновна сөз сөйледі.
Қойылған барлық сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауаптар берілді.
Қорытынды бөлімде ауданның ата-аналар қоғамдастығы ұсынылған ақпарат үшін алғыстарын білдірді.