
2026 жылдың 25 ақпанында Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжімен «Мұғалім болу – мақтаныш» облыстық жобасы аясында Осакаров ауданында 9-11 сынып оқушылары үшін Zoom онлайн конференциясы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларды кәсіби өзін-өзі анықтауы бойынша жүйелі іс-шараларды ұйымдастыру, колледжде ұсынылатын мамандықтарды танымал ету және таңдаған мамандығына тұрақты қызығушылықты дамыту.
Кездесу барысында колледждің оқытушылар құрамы оқу орны, сұранысқа ие мамандықтар, оқуға қабылдау ережелері, құжаттарды қабылдау мерзімі, шәкіртақы алуға қойылатын талаптар туралы толық ақпарат берді. Сондай-ақ колледждің оқу-тәрбие және мектептен тыс жұмыстары туралы ақпарат берді.