
Осакаров ауданының №12 тірек мектебі (РЦ) оқушылары жоғары нәтижелер көрсетіп, табандылық пен білімге деген ұмтылыс әрдайым өз жемісін беретінін дәлелдеді.
🏆 Жеңімпаздарымыз:
* Қаныбек Нұрсәт — 3 «Ә» сынып
* Лейнганг Давид — 10 «А» сынып
Оқушыларды оқудағы жетістіктерімен Теміртау қалалық Халық банкі филиалының директоры Тұяқбаев Жандос Жұматайұлы және Осакаров аудандық Халық банкі филиалының директоры Упбаев Данияр Талғатұлы құттықтады.
Оқушыларымызды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Бұл жетістік алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруға серпін беріп, өз күштеріне деген сенімді арттырып, білім жолындағы табыстарын еселей түссін.
Аталған акцияның оқушылардың оқу үлгерімі мен ынтасына оң әсер етіп отырғанын ерекше атап өтеміз. Білімді де тәрбиелі жас ұрпақ — еліміздің берік тірегі әрі жарқын болашағы