Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау

2025 жылғы 8 желтоқсанда академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде ауыл мектептерінің білім алушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсіміне Осакаров ауданының мектептерінен 31 білім алушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша аудан оқушылары 6 бірінші орын, 11 екінші орын және 14 үшінші орын иеленді.

Командалық есеп нәтижесі бойынша Осакаров ауданы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер (ОГН) бойынша III орынға ие болды.

Білім алушылар мен педагогтерді лайықты нәтижелерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта зор табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!