"Мен және Заң"тақырыбындағы тақырыптық әңгімелер мен сынып сағаттары

"Мен және Заң"тақырыбындағы тақырыптық әңгімелер мен сынып сағаттары

23 желтоқсанда «Заң және тәртіп» бағдарламасын іске асыру жоспарына сәйкес Осакаров ауданының мектептерінде «Мен және Заң» тақырыбында сынып сағаттары мен тақырыптық әңгімелер өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау және Қазақстан Республикасы азаматы ретіндегі құқықтары мен міндеттерін түсінуге баулу.

Сынып сағаттары барысында оқушылар негізгі заң нормаларымен танысып, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, құқықбұзушылық үшін жауапкершілік мәселелерін талқылады, сондай-ақ заңды сақтау тақырыбында өмірлік жағдайларды қарастырды. Ерекше назар құқықбұзушылықтың алдын алуға және жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға аударылды.

Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың құқықтық санасын, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және заңға бағынатын мінез-құлыққа тәрбиелеуге ықпал етеді.

#Адал_азамат
#біртұтас_тәрбие