«Жыл мұғалімі – 2025»: кәсіпқойлықтың биік шыңы!

«Жыл мұғалімі – 2025»: кәсіпқойлықтың биік шыңы!

10 желтоқсан күні «Жыл мұғалімі – 2025» кәсіби байқауының қорытындысы шықты. Биыл байқау «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес оқыту мен тәрбиелеудегі құндылыққа бағдарланды.
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша Өнерхан Дәулеткерей, «Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ тарих пәнінің мұғалімі Гран-придің ең жоғары наградасын алды.
Байқау тәжірибе алмасуға және кәсіби өсудің жаңа кезеңіне ынталандыруға тамаша алаң болды!