Осакаров ауданында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының жеңімпаздары анықталды

Осакаров ауданында «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының жеңімпаздары анықталды

28 қараша күні Осакаров ауданында«Бөгенбай батыр» жырын жатқа оқу бойынша өтетін «Тұлпар мініп, ту алған!» республикалық жобасының қалалық іріктеу кезеңі өтті.

Байқау Қарағанды облысы әкімдігі мен AMANAT партиясының қолдауымен ұйымдастырылды. Қазылар алқасы қатысушылардың орындау шеберлігін, жаттау деңгейін және мәнерлеп айтуын бағалады.

Іс-шараға Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Алма Шалабаева арнайы қатысып, өрендер мен ұстаздарға рухани қолдау білдірді.

1 орын – Асылболатқызы Ақбота
(150 000 тг), Жетекшісі - Тусупбекова Жанар (Ә. Бөкейхан атындағы тірек мектебі)

2 орын – Идраш Алпамыс (100 000 тг) Жетекшісі - Райсхан Багизат (Жамбыл атындағы ЖББМ)

3 орын – Әдетхан Мейрам (70 000 тг), жетекшісі - Баярбек Мусадахэм
(№22 ЖББМ)
Жүлдегерлер енді облыстық кезеңге жолдама алды. 10 желтоқсанда өтетін финалда 1 000 000 тг грант пен бағалы сыйлықтардың иегерлері анықталмақ.

Байқаудың басты мақсаты — жас ұрпаққа батырлар жырын насихаттау арқылы ұлттық рухты оятып, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру. Мұндай жобалар жас буынның әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, шығармашылыққа ынталандырады.