
2025 жылдың 28 қарашасында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» ҰҒАО-ның педагогикалық факультетімен бірлесіп, «Мұғалім – болу мақтаныш!» педагогикалық сыныбының облыстық мамандандырылған жобасына қатысушы мектеп оқушылары арасында педагогикалық олимпиада өтті.Олимпиаданың бірінші кезеңіне тоғыз оқушы қатысты (Ә.Бөкейхан атындағы орта мектеп, Жамбыл атындағы орта мектеп, №6 орта мектеп, №28 орта мектеп, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп)Олимпиаданың финалдық кезеңіне Осакаров ауданындағы үш мектептің оқушылары: Жамбыл атындағы орта мектептің оқушысы Лейла Акперова, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушысы Милана Линник және №28 мектептің оқушысы Валерия Пашева қатысты.Олимпиада қорытындысы бойынша Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушысы Милана Линник III-дәрежелі дипломмен марапатталды.Құттықтаймыз!!!