9-11 сынып оқушылары арасында "Қазіргі әлемдегі адалдық миф және шындық" аудандық пікірсайыс турнирі

9-11 сынып оқушылары арасында "Қазіргі әлемдегі адалдық миф және шындық" аудандық пікірсайыс турнирі

«Адал азамат» бірыңғай тәрбие тұжырымдамасының іс-шаралар жоспарын іске асыру және ұлы қазақ ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын атап өту аясында 17 қараша күні 9–11 сынып оқушылары арасында «Қазіргі әлемдегі адалдық – миф пе, шындық па?» тақырыбында аудандық пікірсайыс турнирі өтті.
Турнирге Осакаров ауданының білім беру ұйымдарының командалары қатысты. Қатысушылар жоғары деңгейдегі білімділіктерін, сауатты аргументацияны, диалог жүргізу және командамен жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті. Қазылар алқасы сөз сөйлеулердің мазмұндылығын, көтерілген мәселелердің өзектілігін және оқушылардың белсенділігін атап өтті.
Пікірсайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім бөлімі тарапынан грамоталар мен алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара жылы, интеллектуалды мазмұнға толы атмосферада өтіп, адал, жауапты және әлеуметтік белсенді азаматтарды тәрбиелеуге зор үлес қосты.