
«Заң және тәртіп» желілік жоспарына сәйкес, * 2025 жылдың 14 қарашасы күні* Осакаров ауданының білім бөлімі мен мектептері «Құқық бұзушылықтың алдын алудың құралы ретінде психологиялық көмек пен кеңес беру» тақырыбында семинар өткізді.Семинарға 400-ден астам жоғары сынып оқушылары қатысты.
Іс-шара барысында білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, қауіп факторларын ерте анықтау әдістері, педагогтар, психологтар мен ата-аналардың өзара әрекет ету алгоритмдері қарастырылды. Қатысушыларға тәртіп бұзуға және қақтығысқа бейім жасөспірімдермен жұмыс істеуге арналған практикалық ұсынымдар ұсынылды.