Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата-аналар жұртшылығымен кездесу

Инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата-аналар жұртшылығымен кездесу

2025 жылғы 12 қарашада Осакаров ауданының білім бөлімі инклюзивті білім беру мәселелері бойынша ата - аналар жұртшылығымен кезекті онлайн-кездесу өткізді.
Кездесуге 25-тен астам ата-ана қатысты. Кездесу барысында бүгінгі күннің өзекті мәселелері, атап айтқанда: «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің қызметі туралы» мәселелер қаралды. Барлық сұрақтарға толық және ашық жауаптар берілді.
Қорытындысында ауданның ата-аналар жұртшылығы берілген ақпарат үшін алғыстарын білдірді.