"Біртұтас тәрбие-Адал азамат" бағдарламасын іске асыру " тақырыбында аудандық семинар

"Біртұтас тәрбие-Адал азамат" бағдарламасын іске асыру " тақырыбында аудандық семинар

2025 жылғы 30 қазан күні Жамбыл атындағы мектеп базасында «Біртұтас тәрбие — Адал азамат» бағдарламасын іске асыру» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты – ұлттық құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік тәрбие берудің озық тәжірибесін тарату.

Іс-шараға педагогтар мен оқушылар қатысты. Оқушылар өздерінің қолөнер бұйымдарын таныстырып, домбырада ойнап, ән айтып, би биледі. Сондай-ақ жетістіктер көрмесі, шеберлік сағаттары мен шығармашылық алаңдар ұйымдастырылды.

Семинар аясында педагогтарға арналған тренинг өткізіліп, тәрбие жұмысының тиімді тәжірибелері талқыланды. Сонымен қатар мектеп парламентінің жұмысымен таныстыру жүргізілді.
Семинар тәжірибе алмасу, шабыттану және адал, жауапты, белсенді азамат – “Адал азаматты” қалыптастырудың тиімді жолдарын бірлесе іздеу алаңына айналды.