
Ағымдағы жылдың 31 қазанында №9 гимназиясының базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.
Олимпиаданың мақсаты - бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысын арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Олимпиадаға 85 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Олимпиада нәтижелері бойынша жүлдегерлер қатысқаны үшін дипломдармен, грамоталармен және сертификаттармен марапатталды.
8 жүлдегер олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысуға жолдама алды.