
Елімізде 24 қазан Кітапханашылар күні аталып өтіледі. Кәсіби мерекеге орай ауданымызда салтанатты іс-шара өткізілді.
Кітап – адамзаттың ақыл-ойы мен парасатының жемісі. Ал кітапханашы – сол білім бұлағының шырақшысы.
Кітапханашы – әр оқырманға білімнің, мәдениеттің, рухани байлықтың есігін ашатын баға жетпес тірек. Ол оқырмандарды ізденуге, кітап оқуға, ойлы пікір қалыптастыруға жетелейді.
Сол себептен атаулы мереке күні сала ардагерлері мен бірқатар қызметкерлер құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара шағын концертпен аяқталды.
Құрметті кітапханашылар Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасылырыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз!