
2025 жылғы 20 казан күні Осакаров ауданының білім бөліміне қарасты «Тірек мектеп (ресурстық орталық) №12» КММ командасы Қарағанды қаласында өткен 5-6 сынып қыздар арасындағы областық бес асық жарысына қатысты.
Облыстың 10 үздік командасы қатысқан сайыста біздің спортшылар жоғары дайындық деңгейі пен командалық рух көрсетіп, 3-орынды иеленді.
Біз өз оқушыларымызбен мақтанамыз және кәсібіне адалдығы мен шеберлігі үшін бапкеріміз – Ельшманов Ерталапқа алғыс білдіреміз.
Бұл жеңіс жаңа жетістіктер мен табыстарға ынталандыратын бастама болсын!